Жаңалықтар

Дәмханаларға иттің етін сатқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Дәмханаларға иттің етін сатқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Ақмола облысында ер адам иттерді аулап, кафелерге сатып жүрген. Полицейлер мен елордалық еріктілер қаскөйді ұстады, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Еріктілер сатып алушы болып танысып, ит аулаушымен сөйлескен жазбасын әлеуметтік желіге жариялады. Ер адам тендер бойынша оның 18 ауданы бар екенін және одан бірде-бір ит қашып кетпейтінін айтады. Сондай-ақ ит аулаушыдан қаланың жартысы ет алатынын жазған.
“Ит аулаушының қоржынында еттің көлемі өте үлкен. Ол ешкімнен қорықпайтыны соншалық, ол бір жарым тоннадан 700 килограмм ет шыққанын және аз мөлшерде сатпайтынын айтты. Етте чип немесе оқ болуы мүмкін, сондықтан мұқият пісіріңіздер, дейді. Қаскөй ұсталды, одан қару-жарақ пен 750 келіден астам иттің еті тәркіленді", – делінген хабарламада.
Еріктілердің айтуынша, жауап алғаннан кейін ит аулаушы босатылған.
“Ит пен мысықтардың етін жеуге тыйым салынады және бұл Қылмыстық кодекстің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша қаралады. Мәселеге құқық қорғау органдары назар аударады деп үміттенеміз, өйткені осындай жағдай Алматы облысының Қарасай ауданында байқалды, онда қылмыстық іс қозғалады", – деп жазады еріктілер әлеуметтік желіге.
Белсенділер иттердің етіне тапсырыс берген және кафеге келушілердің денсаулығына қауіп төндіргендер де қаралуы тиіс деп санайды.
"Ақыр соңында, қаңғыбас иттер ауру, құтырған болуы мүмкін. Оларды кім тексеріп жатыр?", – деді жануарларды қорғаушылар.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от "INUCOBO" (@inucobo_kz)