Жаңалықтар

Жеке куәлігін жиі жоғалтатындарға мемлекеттік баж сомасы өседі

Жеке куәлігін жиі жоғалтатындарға мемлекеттік баж сомасы өседі

Ал балалардың төлқұжатын алу бағасы төмендейді. Бұл туралы сенат депутаты Сергей Карплюк айтты, деп хабарлайды taulik.kz сайты halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. Кәмелетке толмағандарға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік баж 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке (27 600 теңгеден 13 800 теңгеден) дейін төмендетіледі. Ал паспорт парақтарының санына қарай мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемесі (16 жасқа дейінгі балаларға берілетін 22 беттен тұратын паспорт – 4 АЕК немесе 13 800 теңге, 36 бет – 8 АЕК, 48 бет – 12 АЕК). Сондай-ақ жоғалған құжатты алғашқы жоғалтқан сәттен бастап бір жылда 2 және одан да көп қалпына келтіру үшін жүгінген кезде, жеке куәлік қайта берілгенде мемлекеттік баж мөлшері ұлғайады.