Жаңалықтар

Шымкентте тұрғын үйден 2 адамның мәйіті табылды

Шымкентте тұрғын үйден 2 адамның мәйіті табылды

Шымкентте Ерназаров көшесіндегі тұрғын үйден 2 әйел өлі табылды, деп хабарлайды taulik.kz Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап. Тұрғын үйден 58 жастағы әйел мен 16 жастағы қыз өлі табылды. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша олар газдан уланып, қайтыс болған. Апат бригадасы газ құбыры мен газ аспаптарын құру дұрыс жүргізілмегенін анықтады. Жуынатын бөлмеде қолдан жасалған жылыту қазандығы орнатылған.