Жаңалықтар

18 жастағы сарбаз ескерту жасағаны үшін соққыға жығылды

18 жастағы сарбаз ескерту жасағаны үшін соққыға жығылды

Қарағандыдан шақырылған жігіт әскери борышын артиллерия бригадасында өтеп жүрген. Сол күні сарбаз казармада еден жуып жүріп, әріптесіне ескерту жасаған. Сөз көтере алмаған қызметтесі оған жұдырық ала жүгірген, деп хабарлайды taulik.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап. Соққылардың салдарынан әскери қызметшінің жағы сынып кеткен. Оған ота жасау үшін оны Алматыдағы госпитальге жеткізген.
"Соққы алған әскери қызметші – мерзімді қызмет сарбазы. Қазір Алматыдағы ауруханада емін алып жатыр. Жарақат алған, сол жағы сынып кеткен", – деді әскери бөлім командирінің орынбасары Ренат Шәріпов.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.