Жаңалықтар

Путин 2024 жылы президент сайлауына түсе ме?

Путин 2024 жылы президент сайлауына түсе ме?

«Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылы президент сайлауына қатысатыны туралы мәліметті әлі жариялаған жоқ және ондай мүмкіндік туралы айту әлі ерте». Сейсенбіде «Известияға» берген сұхбатында Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
«Әзірге Владмир Путиннің сайлау туралы ойлауға уақыты жоқ. Әзірге оның өзінің кандидатурасын ұсыну немесе ұсынбау туралы ешқандай мәлімдемесін естіген жоқпыз. Яғни, бұл мәселе туралы айтуға әлі ерте. Күту керек», - деді Кремль өкілі Путиннің сайлауға қатысуы туралы шешім бар ма деген сұраққа жауап ретінде.
Песков қазіргі уақытта «2024 жылы сайлау болады» деген шешім бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, арнайы әскери операция жағдайында қыркүйектегі және президент сайлауын өткізу мәселесі әлі шешілген жоқ. Алайда Кремль өкілі атап өткендей, Владимир Путиннің Федералды жолдауында екі сайлау да Ресей қоғамы мен саяси жүйесінің даму процесінің ажырамас бөлігі болғандықтан, өтуі керек деп айтылған. Путиннің баспасөз хатшысы сайлау маусымының басталуын 2023 жылдың екінші жартысының ортасына дейін жариялайтынын атап өтті.