Жаңалықтар

Риддердегі жылу орталығында тағы да апат болды

Риддердегі жылу орталығында тағы да апат болды

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы да апат болды, деп хабарлайды taulik.kz. Мәлімет бойынша, жылу электр орталығындағы апат 28 ақпанда сағат 3.45-те болған.
«№1 және №2 қазандық апаттық жағдайда өшірілді. Ал, сол уақытта №3 және №4 қазандық қана жұмыс істеп тұрды. Қазір №2 қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталып, ол іске қосылды. №1 қазандық та қалыпқа келтіріліп, қосылуға дайындалып жатыр», - дейді шаһар басшысы Дмитрий Горьковой.