Қазақстандықтар елорда күнінде қалай демалады?
Қазақстандықтар елорда күнінде қалай демалады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елорда күні мерекесіне байланысты Үкімет қаулысын жариялады, деп хабарлайды taulik.kz.
«Демалыс күні 2023 жылғы 1 шілде сенбіден 2023 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын», - делінген қаулыда.Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде бұл мереке күндері кезінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалып жатқаны жазылған. Осылайша, қазақстандықтар елорда күні мерекесінде екі күн - 6, 7 шілдеде демалады. Бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететіндер үшін 6, 7 шілде және одан әрі сенбі, жексенбі күндері демалыс болады. Қаулы 15 наурызға дейін ашық талқылауда болады.