Жаңалықтар

Темекінің жаңа түрі оқушылар арасында белең алып жатыр

Темекінің жаңа түрі оқушылар арасында белең алып жатыр

Қазақстандық жасөспірімдердің 10 пайызға жуығы электрондық темекіні яғни вейптерді жиі қолданады. Бұл жасырын сауалнамалар жүргізу кезінде белгілі болған, деп хабарлайды taulik.kz сайты Қазақстан Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп жүргізген зерттеу нәтижесінде әсіресе 13 жастан 15 жасқа дейінгі ер балаларда бұл көрсеткіш екі есе көп. Мамандар балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсарту бойынша кешенді шаралар әзірлеуді ұсынды.
«Вейптерді сатуға тыйым салып, әкімшілік шаралар енгізу керек, заң жүзінде темекі өнімдерін 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға болмайтын арнайы баптар қарастырылған. Алайда көріп отырғанымыздай, бұл іс жүзеге асырылмай келеді»,- деді Ұлттық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы міндетін атқарушы Жанар Қалмақова.
Аталған құжатта 11, 13 және 15 жастағы 7400-ден астам мектеп оқушыларының ауқымды деректері жинақталған.