Ақмолада жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті
Ақмолада жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті
Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды taulik. kz сайты taunews.qaz-ға сілтеме жасап.
Оқиға 25 ақпан күні Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде болған.
Жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеуішті басқан. Алайда оқыс оқиғаның алдын алу мүмкін болмады.
Ауыл тұрғындары үй жануарларын кезекпен жайып жүргендерін айтты.Ал жылқыларға жауапты адам Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны екені анықталды.