Каспий теңізінің жағасынан 18 адамның сүйегі табылды
Каспий теңізінің жағасынан 18 адамның сүйегі табылды
Дағыстанда адамдардың сүйегі көмілген орын табылды, деп хабарлайды Taulik.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталды.
Ведомствоның хабарлауынша, адам қалдықтары ХХ ғасырдың 30-жылдарына тиесілі болуы мүмкін.
Baza Telegram арнасының хабарлауынша, Махачкала мен Каспий теңізінің аралығындағы «Джами» қонақүйінің аумағында құрылыс жұмыстары кезінде 18 адамның қаңқасы табылған. Қаңқалардың бас сүйегінде оқ көлеміндей тесіктер анықталған.