Бестөбе шахтасында тағы бір адам қаза болды
Бестөбе шахтасында тағы бір адам қаза болды
Ақмола облысында Бестөбе шахтасына заңсыз түскен тағы бір алтын іздеуші көз жұмды, деп хабарлайды taulik.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
27 ақпанда қалалық полицияға «Центральная» шахтасының 520-ші горизонтында 30 жастағы ер адамның қаза болғаны туралы хабар түсті.
«Алдын тексеріске сәйкес, ер адам тағы бірнеше адаммен бірге құрамында алтын бар материалды заңсыз өндіру мақсатында шахтаның төменгі горизонттарына түскен. Оның үстіне кен опырылып құлады. Ер адам ауыр жарақаттан көз жұмды», - дейді полицейлер.Марқұммен бірге шахтаға түскен үш алтын іздеуші оның денесін жер бетіне шығарды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы, 3-бөлігі (Қорғалатын объектіге заңсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Шахтаға заңсыз түскендер өзімен бірге жарылғыш заттарды да алып жүрген. Осы қылмыс үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.