«Бұл – ескерту»: Сейсмолог наурызда жер сілкінісі болатынын айтты
«Бұл – ескерту»: Сейсмолог наурызда жер сілкінісі болатынын айтты
Сейсмолог ғалым наурыз айында әлемнің бірнеше елінде жер сілкінісі болатыны туралы ескерту жасады. Бұл туралы Egemen.kz жазды, деп хабарлайды taulik.kz.
Ғалым Фрэнк Хугербиттің айтуынша, 8,5 тіпті одан жоғары магнитудада жер сілкінісі болуы мүмкін. Бұл жер сілкінісі Ресейге (Курил аралдары), Жапонияға, Оңтүстік Еуропа елдеріне, Индонезияға, Пәкістанға, сондай-ақ Солтүстік Американың бір бөлігіне әсер етеді деп болжанып отыр.
«Мен әсіре сілтеп, қорқыныш тудыруға тырыспаймын. Жай ғана ғылыми болжамдарға сүйеніп, ескертіп жатырмын», – деді ол.Бұрын ғалым Фрэнк Хугербит Түркия мен Сириядағы жер сілкінісін де алдын ала болжаған еді.