Жаңалықтар

Тағы да пандемия басталуы мүмкін – ДДҰ

Тағы да пандемия басталуы мүмкін – ДДҰ

Әлемде құс тұмауының таралуына байланысты ДДҰ эпидемиологы Ричард Пибоди жаңа пандемияға дайындалуға шақырды, деп хабарлайды taulik.kz El Pais басылымына сілтеме жасап.
"Егер мәселе ушықса, вирус адамнан адамға тұрақты түрде таралу қабілетіне ие болады және жаңа пандемия туындауы мүмкін деген алаңдаушылық бар. Біз бұған дайындалуымыз керек", – деді ол.
Ол ғылыми қауымдастық құс тұмауы вирустарының генетикалық тізбегін бақылау және вакциналар жасау үшін зерттеп жатқанын айтты. Маман айтуынша, құс тұмауының өршуі екі-үш жыл бұрын А вирусының (H5N1) ерекше түріне байланысты басталған. Сонымен қатар, Ричард Пибоди арам өлген аң-құсты алмауға шақырып, құс фабрикаларының қызметкерлеріне мұқият болуды ұсынды.