Жаңалықтар

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін барлық жағдай жасалады

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін барлық жағдай жасалады

Астанада Халықаралық әйелдер күніне орай әйелдер кәсіпкерлігі туралы айтылған тағы бір конференция өтті,деп хабарлайды taulik.kz cайты. Халықаралық әйелдер күніне орай әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мен қолдау мақсатында конференция болып өтті. «Белестері» тегін оқыту платформасында кәсіпкерлік негіздеріне үйренген әйелдер және осы аттас бизнес-идеялар конкурсы шеңберінде микро-гранттарды жеңіп алғандар өз тәжірибелері туралы айтып, жетістіктерімен бөлісті.2020 жылғы «Белестері» байқауының жеңімпазы Қуаныш Сейдахметова:
«Пандемия кезінде 2020 жылы мен «Белестері» бағдарламасында оқып шықтым, конкурсқа өз бизнес-жоспарымды тапсырып, жылыжайда көкөніс өсіруге 2000 $ баламасында грант ұтып алдым. Жобамды жүзеге асыру барысында мен құрттардың көмегімен өте сапалы биогумус өндіре алатынымды түсіндім. Ол минералдар мен микроэлементтерге бай және минералды тыңайтқыштарды толығымен алмастыра алады. 2022 жылы мен құрт өсіруге және биогумус өндіруге арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 5 миллион теңге көлемінде грант ұтып алдым.»
2022 жылғы «Белестері» байқауының жеңімпазы Жанар Жақсыберген - спорттық стильдегі киім шығару жобасымен өнімді өткізу үшін қолжетімді алаңдарда аса жоғары қажеттілік бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, Астананың сауда орталықтарының бірінде жәрмеңке-сатылымға қатысу бес күн ішінде кәсіпкерлерге 65 мың теңге шығын әкеледі. Бастамашы бизнес-әйелдер үшін бұл өте үлкен сома. Жанар дизайн және киім тігумен айналысатын әйелдерді бір-бірін қолдап, алға жылжытуға көмектесетін консорциумға біріктіруге шақырады. «Атамекен» ҰКП өкілдері Палата жанынан әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі жеке департамент құрылғанын хабарлады. Конференцияға қатысқан министрліктер мен ведомстволардың деректері бойынша Қазақстандағы барлық микрокредиттердің 30% - дан 50% - на дейін әйелдер алады. Қазақстандағы «БҰҰ Әйелдер» ұйымының басшысы Мария Доценконың айтуынша, экономикалық қатысу және мүмкіндіктер көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 29-орынға көтерілді. Осылайша, Қазақстанда әйелдерге несие беру мен әйел кәсіпкерлігін одан әрі дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Аз ғана нәрсе қажет - жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін, әсіресе ауыл тұрғындары үшін мүмкін болатындай етіп несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендету. Бүгінгі таңда ставкалар 6% - дан 14% - ға дейін жетіп отыр. Бірақ бұл мәселе қазірдің өзінде шешілуде: еңбек министрінің орынбасары Олжас Ордабаевтың айтуынша, биыл жаңа құрал - жастарға 2,5%-бен шағын несие беру – іске қосылады.