Әскери институттың курсанты өлі күйінде табылды

3 наурыз, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Әскери институттың курсанты өлі күйінде табылды Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1-курс курсанты өлі күйінде табылды, деп хабарлайды taulik.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
«3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты өмір белгілерісіз табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді», - делінген хабарамада.