Қазақстан бойынша транзиттік жүктердің өту мерзімі екі есеге қысқарды
Қазақстан бойынша транзиттік жүктердің өту мерзімі екі есеге қысқарды
ТХКБ шеңберінде Қазақстан бойынша транзиттік жүктердің өту мерзімі екі есеге қысқарды,деп хабарлайды taulik.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту жөніндегі шаралар қаралды.Кеңесте аталған бағыттың қазақстандық бөлігіндегі белсенді жұмыстың арқасында республика аумағы бойынша транзиттік жүктердің өту мерзімі 12 күннен 6 күнге дейін, яғни, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге қысқарғаны атап өтілді. Сонымен қатар 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 5 күнге дейін жеткізу жоспарлануда. Жалпы, ТХКБ шеңберінде Қытайдан Қара теңіздегі порттарға жүктерді жеткізу мерзімі 38-53-тен 19-23 күнге дейін қысқарды, ал осы жылдың соңына қарай 14-18 күнге жетуі тиіс. Мұндай ілгерілеу қатысушы елдердің бағыттағы кедергілерді жою, өтпелі тарифтерді енгізу және басқа да шараларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды.