Ақтөбе облысында оқыс оқиғадан шетелдік азамат қаза тапты
Ақтөбе облысында оқыс оқиғадан шетелдік азамат қаза тапты
Адам өліміне әкелген оқиға 3 наурызда Самара-Шымкент тас жолының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңында болды, - деп хабарлайды taulik.kz сайты tengrinews.kz-ke сілтеме жасап.
Тас жолда Volvo жүк көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысты. Оқиға салдарынан DAF жүк көлігінің жүргізушісі, Тәжікстан азаматы оқиға орнында көз жұмды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.
Бұған дейін Атырау облысындағы тас жолдағы апаттан 4 адам қаза тапқан болатын.