Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейс саны 2,5 есе артты
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейс саны 2,5 есе артты
Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, 2023 жылғы 2 наурызда Ташкентте екі елдің авиациялық билік органдары келіссөз жүргізген, деп хабарлайды taulik. kz сайты ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Келіссөздер барысында тараптар рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту мәселелерін талқылаған.
Тараптар Астана – Ташкент бағыттары бойынша рұқсат етілген рейстер санын аптасына 12–ден 36 рейске дейін (өсім 80%) және Алматы-Ташкент бағыттары бойынша аптасына 20-дан 36 рейске дейін (өсім 200%), ал қалған бағыттар бойынша аптасына 4 рейске дейін екі еседен астам ұлғайтуға уағдаласты.
Осылайша, көктемнен бастап "Эйр Астана" және "Uzbekistan Airways" әуе компаниялары Алматы – Ташкент бағыты бойынша жиіліктер санын аптасына 14–тен 20 рейске дейін және Астана-Ташкент бағыты бойынша аптасына 6-дан 12 рейске дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, қазақстандық әуе тасымалдаушылар Самарқан, Ферғана, Бұхара және Қарши қалаларына тікелей тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр.