Қазақстанның қай өңірінде дизель отыны күрт қымбаттады?
Қазақстанның қай өңірінде дизель отыны күрт қымбаттады?
Елімізде дизельдік отын шамамен 16 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды taulik.kz сайты lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан экономикасының мониторингі жобасына сәйкес, биылғы жылдың қаңтар айында елімізде 494,1 мың тонна бензин өндірілді, бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 20,6 пайызға артық. Дизельдік отын шығару 13 пайызға артып, 421,8 мың тоннаны құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша бензин аздап арзандады (жылына 0,1%), дизельдік отын айтарлықтай қымбаттады (бірден жылына 15,7%).
Дизель отынының қымбаттауын Атырау облысының тұрғындары өте көп сезінді: мұнда бағаның өсуі жылына 44,8 пайызды құрады. Солтүстік Қазақстан (плюс 39,1 пайыз) және Шығыс Қазақстан (плюс 37 пайыз) облыстарында да баға айтарлықтай өсті.
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматыда баға өткен жылдың деңгейінде қалды. Ұлытау облысында дизель отыны 2,8 пайызға арзандады.