Танымал вайнер 27 жасында қайтыс болды
Танымал вайнер 27 жасында қайтыс болды
Ташкентте 5 наурызда 27 жастағы танымал өзбекстандық вайнер және Mittivine сатиралық жобаның авторы Фарход Маннопов қайтыс болды, деп хабарлайды taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы хабарды Манноповтың досы, вайнер Улугбек Шодибеков хабарлаған. Оның сөзінше, бірнеше күн бұрын вайнер бассейнге түскен кезде басын ұрып, жарақат алған.
Марқұмның туыстарының сөзінше, бұл оқиғадан кейін вайнер Ташкенттегі жеке клиникалардың біріне операция жасау үшін жүгінген. Операция кезінде наркоздан кейін ол комаға түсіп, есін жимаған.
Өзбекстанның Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хает Шамсутдинов Фарход Маннопов операциядан кейін қайтыс болғанын растап отыр.
Тергеуді прокуратура жүргізеді, дәрігерлердің іс-әрекетін қызметтік тексеру тағайындалады. Шамсутдиновтың айтуынша, Манноповтың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды және бұл іс бойынша дәрігерлер ұсталды немесе түрмеге жабылды деген хабарламалар негізсіз және шындыққа жанаспайды.
Фарход Маннапов әртүрлі тұрмыстық тақырыптарда қысқа әзіл-сықақ бейнелер түсіретін. Оның Instagram парақшасында 1,2 миллион оқырманы бар.