Жаңалықтар

76 жастағы әйел айықпас дертке шалдыққан күйеуін атып өлтірген

76 жастағы әйел айықпас дертке шалдыққан күйеуін атып өлтірген

Флоридада 76 жастағы Эллен Гилланд айықпас дертке шалдыққан күйеуін оның өтініші бойынша ауруханада атып өлтірген, деп жазады taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Әйел өзін-өзі де атпақ болған, бірақ қолынан келмеген. Полиция қызметкерлеріне Гилландты күйеуінің бөлмесінен шығарып алу және оны ұстау үшін төрт сағат қажет болған. Алғашында оған кісі өлтірді деген айып тағылып, кепілге босатуға рұқсат етілмеген. Бірақ судья бастапқы айыпты кейін өзгертті. Тергеушілердің айтуынша, Эллен Гилланд пен күйеуі денсаулығы нашарлай бастаған кезде келісімге келген.
"Олар бұл туралы ақылдасып, мұны үш апта бұрын жоспарлаған. Олар Джерридің денсаулығы нашарлай берсе, Эллен мұндай қадамға барады деп келіскен", - деді Дейтона-Бич полициясының басшысы Джакари Янг.
Нәтижесінде Эллен Гилланд 150 мың доллар кепілдікке босатылды. Судья оған атыс қаруын алып жүрмеуді, дәрі-дәрмек ішпеуді, дәрігерлердің бақылауында болуды және "абсолют төтенше жағдай" болмаса, кез келген ауруханадан аулақ жүруді бұйырды.