Танымал өзбек әншісін өнер көрсету лицензиясынан айырды
Танымал өзбек әншісін өнер көрсету лицензиясынан айырды
Каниза деген атпен танымал өзбек әншісі Шахзода Ахмедованы шенеуніктер өнер көрсету лицензиясынан айырды. Мұндай қатаң санкцияға себеп болған жақында өнер көрсеткен әртістің жалаңаш шалбары екен,деп хабарлайды taulik.kz сайты ztb_qaz-ға сілтеме жасап.
Әншінің сахналық киімін өзбек билігі "орынсыз" және "азғын"деп таныды.
Канизаның өзі жауап ретінде шенеуніктерді билікті асыра пайдаланды деп айыптады. Оның айтуынша, халық алдында жүрген көптеген әншілер сахнаға ашық киіммен шығады, бірақ оларға ешкім тиісе алмайды, өйткені олардың "шатыр" шенеуніктері бар.
Айта кетейік, бір ай ішінде әнші жаңа лицензияға өтініш бере алады. Канизаның өзі сотқа беруге ниетті екенін айтты.