Қандастар мен қоныс аударушылар үй салу үшін ақшалай төлемдер алады
Қандастар мен қоныс аударушылар үй салу үшін ақшалай төлемдер алады
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы бұйрығымен жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды taulik.kz сайты alau.kz-ке сілтеме жасап.
Мәселен, өңірлік комиссия жыл сайын 15 қаңтарға дейін қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін, оның ішінде АЕМ, Экономикалық даму әлеуеті шағын және жоғары,орташа моноқалалар, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ экономикалық өсу орталығы қатарынан облысішілік қоныс аудару үшін елді мекендердің тізбесін қарап, бекітеді және оны Жұмыспен қамту,халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді.
Қандастардың өңіраралық қоныс аударуы шеңберінде жаңа тұрғылықты жеріне келгеннен кейін қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ отбасылық жағдайына қарамастан жалғызбасты адамдарға материалдық көмек төленеді.
Атап айтқанда, оларға Ұлттық банк бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде тұрғын үй сатып алу немесе ипотека бойынша бастапқы жарна үшін ақшалай төлем – экономикалық ұтқырлық сертификаты беріледі.
Экономикалық ұтқырлық сертификатын қоныс аударушыларға келу өңіріндегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алған кезде береді.
Ақшалай төлем алу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына қосымшамен өтініш беру қажет:
* тұрғын үй сатып алу кезінде-тұрғын үйді сатып алу-сату шарты;
* тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна кезінде-тұрғын үй қарызын берудің екінші деңгейдегі банкінің мақұлдағанын растайтын құжат;
* тұрғын үй салу кезінде-қандастың немесе қоныс аударушының меншігінде ЖТҚ жер учаскесінің болуын растайтын құжат.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарайды, экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлем беру туралы себептерін дәлелді негіздей отырып, оны беруден бас тарту туралы шешім шығарады және өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
Экономикалық ұтқырлық сертификатын беруден бас тартуға мыналар негіз болады:
* өтініш берушінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсынбауы;
* ұсынылған құжаттарда қамтылған дәйексіз деректерді анықтау.
Бұйрық 2023 жылғы 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.