Жаңалықтар

Иттің етін жеп ауруынан айыққанын айтқан Бағлан Әбдрайымов сынның астында қалды

Иттің етін жеп ауруынан айыққанын айтқан Бағлан Әбдрайымов сынның астында қалды

“Жігіттер” тобының мүшесі Бағлан Әбдрайымов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында емін таппаған сырқатынан иттің етін жеп, айыққанын жасырмады, деп хабарлайды taulik.kz altyn-orda.kz  сайтына сілтеме жасап. Бағдарама жүргізушісінің “Осыдан 20 жыл бұрын қатты жөтеліп, 5 айға жуық ауырыпсыз. Жөтелді қалай жаздыңыз?” деген сұрағына өнер иесі: “Иә, шынымен, мен ол кезде дәмханада музыкант болып жұмыс істеймін. Күніге өлең айтуым керек, бірақ тамақ жазылмайды. Суық ішіп қоясың, сөйтіп тамаққа тыным жоқ. Ем-дом аламын, бірақ нәтижесі болмады. Көкжөтел болып, созылмалы ауруға айналды. Сөйтіп Еркін деген достарымның бірі ауылға барып иттің етінен сорпа ішуді ұсынды. Ауылға бардық, бірақ жейік десек ит жоқ. Содан танысымның әпкесінің итін ұрлап, қайнатып, сорпа жасап іштік. Сөйтіп сырқатымды жаздым”, – дейді Бағлан. Сұхбат барысында әншінің тағы бір итті жауыздықпен өлтіргені әшкере болды. Өнер иесі бұл әрекетке денсаулығына байланысты барғанын жасырмады. “Біз әншіміз ғой, иттің еті пайдалы, “дауысың ашылады, өкпең ашылады” деген соң ауылға барып Айдардың күшік кезінен асыраған итін жегенбіз. Итті әбден қинадық. Қапшыққа салып, басынан ұрдық, кейін бауыздадық. Одан кейін Шымкентке әкеліп, мұздатқышта сақтадық. Шетінен жеп, тауыстық. Бірақ керемет әсер етті деп айта алмаймын. Балалық қой ол кезде”, – деді әнші өкініш білдіріп.