Қазақстандық әйелдер орташа 74 жыл өмір сүреді

7 наурыз, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Қазақстандық әйелдер орташа 74 жыл өмір сүреді

Ер адамдармен салыстырғанда бұл 7 жылға көп деп жазады taulik.kz inbusiness.kz cілтемесімен.

Жалпы бүгінде еліміздегі әйелдер саны 10 миллионнан асты. Соның 3 миллионы әлі кәмелет жасқа толмаған. Бұл жөнінде бүгін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысындағы есебінде айтты.
"Халықтың арасында мінез-құлық қауіп факторларын және артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және В, С вирустық гепатиттері  сияқты кең таралған ауруларды, әйелдердегі обыр ауруларын анықтау мен диагностикалау скринингтері жүргізіледі" - дейді Ажар Ғиният.
Сондай-ақ министр әйелдердің көбіне қандай ауруға шалдығатынына талдау жасаған. Оған сәйкес әйелдер: Жалпы ҚР бойынша аурушаңдық  бір жылда 4 пайызға өскен.100 мың халыққа шаққанда 50 мыңнан астам адамды құрайды).
"Диспансерлік есепте 3 млн-ға жуық әйел динамикалық бақылауда, бұл есепте тұрған ересек халықтың жалпы санының 62,5%-ын құрайды (4,8 млн адам).Жыл сайын стационарларда 2 млн-ға жуық әйел емделеді, 500 мың хирургиялық араласу жүргізілді. Жалпы әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 74 жасты құрайды, әйелдер ерлерге  қарағанда 7,7 жасқа ұзағырақ (66,33 жас) өмір сүреді" - деді Ажар Ғиният өз есебінде.