Жаңалықтар

Мақта дауы: ел зауыттары диқандарға 560 млн теңге қарыз

Мақта дауы: ел зауыттары диқандарға 560 млн теңге қарыз

Мақта дауы: ел зауыттары диқандарға 560 млн теңге қарыз, деп хабарлайды taulik.kz cайты ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабектің айтуынша биыл елімізде мақта алқаптарының аумағы азаяды.
"Ылғалды көп қажет ететін дақылдарға келсек, биыл өткен жылға қарағанда мақта алаңының 14,8 мың гектарға азаюы болжанып отыр. Ол 111,4 мың гектарды құрайды", - деді министрдің орынбасары.
Әбілхайыр Тамабектің дерегінше, былтыр 330 мың тоннадан астам мақта өнімі жиналған.
"Бірақ та, Ливерпуль биржасында баға болмауына байланысты мақта дауы біраз көтерілді. Әлі күнге дейін былтырғы өнімін өткізе алмай жүрген шаруалар бар.Мақта зауыттары диқандарға 560 млн теңгедей қарыз. Бүгінде сол зауыттар мақташылардың алдында берешегін өтеп жатыр. Оныншы наурызға дейін толық жабамыз деп уәделерін берген. Сол себепті де былтыр баға болмағаннан кейін диқаншылар өздері бас тартып жатыр", - деді вице-министр брифингте.