Жаңалықтар

Елімізде мұғалімдер кәсіби мерекесінің датасы өзгерді

Елімізде мұғалімдер кәсіби мерекесінің датасы өзгерді

Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі. ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Мәлімет бойынша, мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.