Жаңалықтар

Оралдық судья жұмыс орнында қайтыс болды

Оралдық судья жұмыс орнында қайтыс болды

Оралда судья жұмыс орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz сілтеме жасап. Тергеу судьясы Нұрлан Ғұбашев 10 наурыз күні таңертең жұмыс орнында қайтыс болған. Бұл ақпаратты БҚО полиция департаменті ақпаратты растады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға орнына қоңырау сағат 9:48-де түскен. 1968 жылы туған судья қызметтік міндетін атқару кезінде кенеттен ауырып қалған. Жедел жәрдем шақырғандардың айтуынша, ер адам тұншығып, есінен танып құлаған. Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында прокурор Марат Әлиханов өз кабинетінде қайтыс болған еді. Бас прокуратураның баспасөз қызметі Марат Әлихановтың өлімінің себебі - жүрек талмасы деп хабарлады.