Жаңалықтар

Доллар бағамы тағы 5 теңгеге көтерілді

Доллар бағамы тағы 5 теңгеге көтерілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан көтерілді, - деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 445,98 теңгені құрап, 4,82 теңгеге өсті. Айта кетейік, Ұлттық Банктің 10 наурыздағы ресми бағамы бір доллар үшін 441,12 теңгені құрайды. Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 448,93 теңге, сату – 454,24 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 448,86 теңгеден сатып алынып, 453,02 теңгеден сатылып жатыр.