Танымал дәрігерді өлтірген қылмыскер 18 жылға сотталды

10 наурыз, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Танымал дәрігерді өлтірген қылмыскер 18 жылға сотталды
Апелляциялық сот гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірген адамға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
«Үкім өзгеріссіз қалды, апелляциялық шағым қанағаттандырылмады», деп түсіндірді сот.
Еске салайық, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша 36 жастағы Нұржан Тұрсынбаев барлық бап бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға сотталды. Ол өз жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.