Жаңалықтар

«Мен өлсем, сен жылама» : Түркиядағы зілзаладан отбасынан айырылған бала анасының соңғы сөзін айтты

«Мен өлсем, сен жылама» : Түркиядағы зілзаладан отбасынан айырылған бала анасының соңғы сөзін айтты

11 жастағы Ахмет жер сілкінісінде анасы мен бес бауырынан айырылды. Олар үшін бірнеше күн бойы апат болған жерде құран оқыған, – деп хабарлайды taulik.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Ахмет Каланың отбасы Хатайдың Антакия қаласында үш қабатты тұрғын үйде тұрған. Жер сілкінісі бұл отбасының да ойранын шығарды. Қазір тек әкесі екеуі бір-біріне жұбаныш. Ал анасы жер сілкінісі кезінде Ахметті құтқарып, өзі қаза тапқан. Үйінді астынан шыққан сөмке – Ахметтің анасынан қалған жалғыз естелік.
Анасы кішкентай Ахметке: "Мен бір күні өлсем, жылама, егер сен жыласаң, мен тыныштық таппаймын" деген екен.
Сондықтан Ахмет анасы мен бауырлары үшін жыламайды, керісінше дұға жасайды. Интернеттен құранды тыңдап, өзі оқып үйренген сириялық Ахмет үйінді басында "Мүмин" сүресін оқыды. Қазір Ахметтің Түркия Республикасының жеке куәлігі қайта рәсімделіп, әкесі екеуіне берілсе деген жалғыз тілегі бар. Олар бүгінде жақындарының үйін паналап жүр. Ахмет қайтадан мектепке барғысы келеді. Ал білім алу үшін қайырымды жандар қол ұшын созады деген үмітте.