Жаңалықтар

Мас күйде әйеліне тиісіп, балағаттаған ер адам қамауға алынды

Мас күйде әйеліне тиісіп, балағаттаған ер адам қамауға алынды

Астана тұрғынынан "102" арнасына мас күйеуінің үйінде жанжал шығарғаны, сондай-ақ  балағат сөздер айтып, ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіргені туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер Астана тұрғынының мас күйінде отбасылық жанжал шығарғанын анықтады, деп хабарлайды taulik.kz.

Оның барысында ол әйеліне қатысты әдепсіз сөздер айтып, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен. Сөйтіп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында заңға қайшы әрекеттер жасаған. Белгілі болғандай, бұл оның мас күйінде үйінде жанжал шығарып, отбасының тыныштығын бұзғаны бірінші оқиға емес.

Алматы  аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы отбасылық жанжалқойға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы  2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ер адам 7 тәулік мерзімге, сондай-ақ құқық бұзушының тәртібіне 12 ай мерзімге алкогольді  ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды пайдаланбауға белгіленген ерекше талапты бұзғаны үшін ер адам 21 тәулікке Медициналық әлеуметтік оңалту орталығына орналастырылады.