Жаңалықтар

Германиядағы көрмеде қазақ киіз үйі нағыз сенсация болды

Германиядағы көрмеде қазақ киіз үйі нағыз сенсация болды

Қазақстан 7-9 наурыз аралығында Германия астанасында өткен ITB Berlin халықаралық туристік көрмесіне қатысты. Шара пандемияға байланысты үш жылдық үзілістен кейін алғаш рет өтті, деп хабарлайды Taulik.kz cайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырған, еліміздің көрікті жерлері қойылған стенд қонақтардың ерекше ықыласына бөленді. Келушілер бәрінен де жергілікті қолөнершілер мен суретшілер дайындаған табиғи материалдармен безендірілген қазақтың киіз үйіне тәнті болды. Қонақтарға заманауи ұлттық тағамдардың асханасы да ұнады. Делегациямыздың басым бөлігі отандық туристік индустрияның өкілдерінен құралды. Берлинге қазақстандық туристік компаниялар мен қонақүйлердің 30 өкілі келді.  
«Бұл көрмеде біздің туристік бизнес әлеуетті серіктестермен іскерлік байланыстар орнатады. Менің ойымша, біздің стенд Қазақстанда үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, Kazakh Tourism ең ірі халықаралық туристік қауымдастықтардың бірі – PATA аймақтық өкілдігімен неміс туристерін елімізге тарту бойынша тығыз жұмыс жасауды жоспарлап отыр», - деді «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Аманбаев.
ITB Berlin – туристік ұйымдарға арналған әлемдегі ең ірі B2B сауда жәрмеңкесі.