Жаңалықтар

«Қазақмыста» төбелес шығарған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

«Қазақмыста» төбелес шығарған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

Ұлытау облысында «Қазақмыс» компаниясының қызметкерін соққыға жыққан екі күдіктінің кім екені анықталды деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ПД қызметкерлері әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазба бойынша бұзақылық жасағаны үшін 25 және 45 жастағы екі күдіктіні ұстаған.

Күдіктілердің «Қазақмыс корпорациясы» АҚ «Жомарт» кенішінің жұмысшылары екені анықталды. Олар жұмыс орнында болған кезде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, басқа әріптестеріне құрметсіздік танытып, жанжал туғызған және оған дене жарақатын салған.

Тергеу барысында жанжалдың куәгерлері анықталды. Күдіктілерге қатысты облыс сотының шешімімен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Соталды тергеу жалғасып жатыр.