Жаңалықтар

Көлікті жалған тексергені үшін қатаң жазаланатын болады

Көлікті жалған тексергені үшін қатаң жазаланатын болады

Қазақстанда көліктерді жалған тексергені үшін жауапкершілік күшейтіледі,бұл туралы депутаттық сауалға жауап ретінде Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz-ке cілтеме жасай отырып. Оның айтуынша, қазіргі уақытта әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілуде. Өзгерістер міндетті техникалық байқау саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
"Осылайша, автокөлік құралынсыз техникалық байқау жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейту көзделген. Жалған техникалық байқаудан өткені үшін авто иелеріне қатысты айыппұл салынады. Сондай - ақ жалған техникалық байқауға жол бергені үшін "техникалық байқау" БАЖ операторына қатысты айыппұл қарастырылған", - деді Смайылов.