Жаңалықтар

Өскемендегі кітапхана желі қолданушыларының талқысына түсті

Өскемендегі кітапхана желі қолданушыларының талқысына түсті

Защита шағын ауданындағы №11 кітапхананың сиқы әлеуметтік желі қолданушыларының талқысына түсіп жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіге кітапхананың суретін жариялаған Бейбіт есімді азамат нысанның осыншама тозып кеткеніне назар аударады. Оның постына пікір қалдырғандар бұған кітапхана басшылығының да кінәсі барын атап өтеді. «Біздің елдің жетіскен тұсы» дейді екіншісі.

Кітапхана.кз ақпарат көзінің мәліметіне қарағанда, кітапханаға тұрақты түрде 2650 адам келіп, кітап оқып, алып жүреді.

Филиалдың негізгі қоры 12 280 басылымнан тұрады. Кітапханаға 70-ке жуық газет-журнал келеді. Нысан пайдаланушыларға электронды тасымалдағыштар, толық мәтінді деректер базалары, интернет ресурстары туралы ақпаратты ұсынады.