Көршісін баласымен қосып өртеген ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
Көршісін баласымен қосып өртеген ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
2022 жылдың наурыз айында Рудный қаласында 44 жастағы ер адам көршісінің пәтеріне барып, есік алдына баласын көтеріп шыққан 32 жастағы келіншекке керосин шашып, өртеп жіберген, деп хабарлайды Taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Өрттен 3 жасар бала қатты зардап шекті. Бүлдіршін жансақтау бөліміне жатқызылып, денесінің 40%-тен астамын күйік шалғаны анықталды. Ал анасының қолдары күйген.
Ер адамның мұндай әрекетке баруына көршілер арасындағы жанжал себеп болған.
Арада бір жыл өткен соң сот көршісі мен оның баласын өртеген Рудный тұрғынына қатысты шешім шығарды. Сот 44 жастағы ер адамның ақыл-есі дұрыс еместігін анықтап, оны қылмыстық жауапкершіліктен босату және мәжбүрлеп емдеу туралы қаулы шығарды.