Белсенді Әйгерім Тілеужан сайлаудан бір айда екі рет шеттетілді
Белсенді Әйгерім Тілеужан сайлаудан бір айда екі рет шеттетілді
Сайлау комиссиясы Әйгерім Тілеужанды осыдан екі апта бұрын ғана сайлаудан шығарып тастаған. Бірақ сот оны заңсыз деп танып, мәжіліс депутаттығына қайта тіркелген болатын, деп хабарлайды Taulik.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Бүгін, 11 наурызда белсенді сайлаудан қайта шеттетілді. Сайлау комиссиясы оның салық органдарына жіберген құжаттарда «сәйкессіздік» бар дейді. Бірақ қандай «сәйкессіздік» екенін айтпады.