Жаңалықтар

Теміртауда пәтерде газ баллоны жарылып жеті адам зардап шекті

Теміртауда пәтерде газ баллоны жарылып жеті адам зардап шекті

Теміртауда болған өрт салдарынан жеті адам ауруханаға жеткізілді. Өрт тұрғын үйдің үшінші қабатында газ баллонының жарылуынан шыққан, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
«13 наурыз күні сағат 13:56-да Теміртауда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 6-ықшамаудандағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасы тұтанып, кейіннен өрт шыққан. Өрт Төтенше жағдайлар департаментінің жұмылуымен сағат 14:19-да ауыздықталды. Өрттің жалпы аумағы алты шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер бар», - деп түсіндірді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Пәтерде болған екі ересек адам әртүрлі дәрежедегі күйген,ал балалар көмірқышқыл газынан уланған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Пәтерде пәтер аралық қабырға, кіреберістің алдыңғы есігі мен терезе блоктары зақымданған.  width=