Жаңалықтар

Түркияда тағы үш жер сілкінісі болды

Түркияда тағы үш жер сілкінісі болды

Кеше Түркияда үш жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы хабарлады, деп жазады taulik.kz. Түркияның шығысындағы Малатия провинциясында 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері сағат 05:13 кезінде сегіз километр тереңдікте тіркелген. Бұған дейін сағат 04:34-те магнитудасы 4,7 балдық 10 километр тереңдіктегі жер сілкінісі тіркелген. Екі жағдайда да жер сілкінісінің ошағы Пютурге ауданында болды. Бұған қоса Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында да магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелді. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Хасса аймағында болған.