Жаңалықтар

Шетелдік көлікті заңдастыру тәртібі өзгерді

Шетелдік көлікті заңдастыру тәртібі өзгерді

Биылдан бастап елімізде шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыру рәсімі жүріп жатқаны белгілі. Мемлекет ұсынып отырған айрықша жеңілдікке 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген көлік құралдары ие болады. Жақында Әкімшілік полиция комитеті 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға келген шетелдік көліктерді заңдастыру туралы қаулыға өзгеріс енгізуді ұсынды. Ол бо­йынша техникалық паспорты мен көлік құралының паспорты жоқ көліктер де заңдастырылуға жатуы мүмкін. Қаулы мәтіні Ашық үкімет порталында жарияланған, деп хабарлайды taulik.kz egemen.kz-ке сілтеме жасап. Қаулыны талқылау мер­зімі наурыздың 24-іне дейін. Онда техникалық пас­порты жоқ кө­лік құра­лын елге алып келген жеке тұл­ға­ның өнді­рушілердің (им­порт­тау­шылардың) кеңей­тіл­ген міндет­темесінен босатылатыны айтылған. Қазіргі уа­қыт­та шетелдік көлікті заң­дас­тыру үшін жеке басын куә­­лан­дыратын құжат, автокөліктің паспорты неме­се оны тір­кеу туралы куәлік, сондай-ақ мен­­шік құқығын растайтын құ­жат талап етіледі. Ал жаңа өз­геріс бойынша тек көлік пен тіркеу туралы куәлікті ғана қа­былдау (болған жағдайда) қарастырылып отыр. Бұл тіркеу құжаттары жо­ғал­­ған жағдайда автокөлікті за­ң­­дастыру процедурасын же­ңіл­­­дету үшін қажет. Сонымен қатар авторлар «конструкторлық» деп аталатын машиналарға және қосалқы бөлшектер деп әкелі­не­тін техникаға қатысты өзгері­с­тер дайындаған. Көлік құралының кедендік ресімдеуден өткені туралы мәліметтер болмаған және ол ізделмеген жағдайда бас­тапқы мемлекеттік тіркеу үшін алым мөлшерлемесін қол­да­нуға мүмкіндік беріледі. Ондай көліктер тек Қазақстан аумағында ғана пайдалануға бе­рі­летіні және олардың мен­шік иесінің өзгеруіне жол берілмейтіні баса айтылды. Мұндай көлік құралының тіркеу куәлігінде тиісті жазба бо­лады. Еске салайық, елімізде ше­тел­­­дік тіркеудегі көліктерді заң­­дас­тыру биыл 23 қаңтарда бас­талды. Заңдастырылатын автокөліктер іздеуде жоқ, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша мемлекеттік есеп­тен шығарылған, кедендік тазар­тудан өткен бо­лу­ға тиіс (бұл талап алы­нып тасталуы мүмкін). Көлікті заңдастыру туралы өтініш қабылданғаннан кейін көлік иесі бастапқы тіркеу алымы ретінде 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж салығын – 4313 теңге, мемлекеттік нөмір үшін баж салығын – 9660 теңге төлейді. Тіркелетін машина үшін утиль алымын төлеудің қажеті жоқ. ЕЭО елдерінен келген көлікті кедендік тазартудан өткізеді, ал қырғызстандық тех­ни­каны кедендік салық айырмасын төлегеннен кейін ғана біздің елде тіркеуге болады. Оның сомасын кез келген м­а­ман­дан­ды­рылған ХҚКО-дағы Мем­ле­кеттік тіркеу коми­те­тінің маманы есептеп береді. Сондай-ақ көлікті қашықтан есептен шығару мүмкін емес. Бұл туралы біраз уақыт бұрын Әкімшілік полиция коми­теті басшысының міндетін атқа­ру­шы Қайсар Сұлтанбаев айт­қан болатын. Оның сөзінше, Қырғызстан мен Арменияның ресми органдары автокөлікті қашықтан есептен шығарудан бас тартқан. Ішкі істер министрлігі ше­тел­дік автомобильдің ел аума­ғына қашан кіргенін шека­рашылар мен кеден қызме­ті­нің базасынан білетінін атап өтті. Деректер базасында машина нөмірі мен VIN-коды сақталады. Бұл үдеріс то­лық­тай автоматты жұмыс іс­тейді. Автокөлік келген уақыт туралы нақты мәлімет болмаса, мін­дет­ті сақтандыру полисі ре­сім­дел­ген уақыт қаралады. Заңдастыру үдеріс аяқтал­ған соң автомобиль жергілікті нөмір тағады, мұндай машинаны иесі еш кедергісіз пайдалана алады. Автокөлік заңдастыру 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жалға­са­ды.