Үкімет балалы отбасыларға 4 түрлі жәрдемақы береді

15 наурыз, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Үкімет балалы отбасыларға 4 түрлі жәрдемақы береді Қазақстанда тапқан табысына қарамастан балалы болған отбасыларға жәрдемақы тағайындалады. Мемлекеттен бала дүниеге келгенде, бала күтімі үшін бір рет, сондай-ақ көпбалалы отбасылар мен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған аналарға ай сайын белгілі бір мөлшерде жәрдемақы төленеді, деп хабарлайды Taulik.kz Egemen.kz айтына сілтеме жасап. №1. Бала туғанда берілетін жәрдемақы Бұл – бала тууға байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы. Туу жәрдемақысы жұмысшыларға да, жұмыс істемейтін әйелдерге де төленеді. Бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін ХҚКО немесе eGov арқылы өтініш береді. Өтініш берушінің келесі құжаттары ақпараттық жүйелерден алынады: Жәрдемақы мөлшері: №2. Бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы Бала күтімі бойынша жәрдемақы бала туған күннен бастап ол 1,5 жасқа толған күнді қоса алғанда тағайындалады. Жәрдемақыны тағайындаған кезде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқоршылыққа алынған балалар ескеріледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыс істемейтін ата-анаға арналған жәрдемақы мөлшері: Қандастарға бала туған күннен бастап, бірақ қандас мәртебесі белгіленген күннен кейін тағайындалады. Баланың тууын тіркеген кезде бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыға бір ғана өтініш беруге болады. №3. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы Кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде 18 жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы. Оның мөлшері бала санына қарай есептеледі: Онлайн-қызмет арқылы жәрдемақыны тағайындауға өтінім беруге болады. Көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау кезінде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа алынған балалар, егер олар басқа ата-анасының отбасында ескерілмеген болса, жиынтық балалар ескеріледі. Бұл ретте отбасы құрамында өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған немесе ата-ана құқығынан шектелген балалар есепке алынбайды. Бала саны өзгерсе, жәрдемақы мөлшері қайта есептеледі. 18 жастан 23 жасқа дейінгі балалардың оқу орнынан анықтамасы сұралады. №4. Наградаларға ие аналарға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға ай сайын 6,4 АЕК немесе 22 080 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленеді. ХҚКО арқылы өтініш беру: Өтініш берушінің құжаттары мен банк шотының нөмірі туралы мәліметтері мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады. eGov порталы арқылы өтініш беру: №5. Жәрдемақы алуға өтініш беру жолдары
Проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау үшін ұялы телефон арқылы банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі. Мемлекеттік қызмет құжаттар тіркелген сәттен бастап 7 жұмыс күнінде көрсетіледі. Жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама eGov-та өтініш берушінің жеке кабинетін, SMS-хабарлама арқылы ұялы телефонына жіберіледі.
№6. «Қазпошта» арқылы жәрдемақыны үйге жеткізу «Қазпошта» бөлімшелері арқылы жәрдемақылар келесі адамдардың үйіне жеткізіледі: Жәрдемақы алушының банк шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерсе ХҚКО-ға тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен осы өзгерістер туралы өтініш береді. №7. Жәрдемақыны тоқтату себептері Жәрдемақы келесі мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады: Жәрдемақыны қайта алу үшін өтініш беруші жәрдемақыға құқықты растайтын құжаттарды қоса отырып өтініш береді.