Жаңалықтар

Астаналық тұрғын электр энергиясының артық көрсеткішіне шағымданды

Астаналық тұрғын электр энергиясының артық көрсеткішіне шағымданды

Астаналықтарға тағы да жарық үшін көтерілген шоттар келіп түскен. Мәселен,"Самұрық мұнарасы" ТК тұрғыны бір айға 45 мың теңге төлеген, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Astana TV-ға сілтеме жасап.
"Мұндай көрсеткіш қайдан шықты? Кімде осындай ? Не істеу керек?",- деп таң қалды астаналықтар өздерінің үй чаттарында. Кейбіреулерге бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлерде айына 15 мың теңгеден есептелген.
   width= Айта кету керек, елорда тұрғындары мұндай мәселемен бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Мұндай жағдайларда қайта есептеу туралы өтінішпен «Астанаэнергосбыт» компаниясына хабарласуын сұрайды. Алайда астаналықтар үшін мұндай қолайсыздықтар неден туып жатқаны белгісіз.