Холанд бір түнде «Ман Ситидің» жүз жылдық рекордын орнатты
Холанд бір түнде «Ман Ситидің» жүз жылдық рекордын орнатты
Эрлинг Холанд бір түнде "Манчестер Ситидің" осы маусымындағы ең мықты сұрмергені атанды, деп хабарлайды Taulik.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
22 жастағы норвегиялық футболшы Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчінде пента-трик жасады. Былтыр жазда "Ситиге" ауысқалы Холанд 36 ойында 39 гол салыпты.
Осылайша ол 94 жыл өткен Томми Джонсонның бір маусымда салынған голдар саны бойынша рекордын жаңартты.
Еске салайық, "Манчестер Сити" қарымта матчте "Лейпцигті" 7:0 есебімен ұтты.