Жапон қызына ғашық болған қазақ жігіті күтпеген жауап алды
Жапон қызына ғашық болған қазақ жігіті күтпеген жауап алды
Әлеуметтік желіде жапон қызына үйленуге ұсыныс жасаған қазақстандықтың бейнеролигі тарады. Бейне авторының есімі Жәнібек, оның видеотаспасы 332 000 қаралым және мыңдаған пікір жинаған.
Желі пайдаланушылары пікірге «Алып қашсай», «Бас тартпа!», «Бүкіл Қазақстан сіздің қарым-қатынасыңыз үшін алаңдайды», «Жапон тілінде жазыңыз – ол сізде не болып жатқанын білсін», «Бро, жарайсың», «Ол бас тартса норма», «Мен махаббатқа сенемін», – деп жазады.Жәнібек Нұрбеков 28 жаста, Алматыда тұрады. Алакөлдің тумасы, туристік кәсіппен айналысады. Ол Жапонияға жұмыс сапарымен барған.
«Бірден ғашық болдым» деген Жәнібек жапон қызымен саябақта кездейсоқ танысқан. Сөйтіп, Жәнібектің жүрегін жаулап алған ару оған қаланы таныстырған.«Мен Жапонияға іссапармен келгенмін, бірақ Киотоға келу жоспарымда болмаған. Неге екенін білмеймін, Шинкансен жедел пойызына билет алып осында келдім. Ертесіне Киотода мен оны кездестірдім. Дәл осы жерде біз таныстық», – дейді автор.«Айтпақшы, мен оны Арусан деп атаймын. Ол кеше 26 жасқа толды. Ол Осакада тұрады және медицина қызметкері. Бір қызығы, Арусан – мұсылман, бұл менің ата-анамды қуантты», – деп атап өтті Жәнібек. Жәнібек жапон тілін жетік білмейді. Ол тек негізгі сөз тіркестерін біледі екен. Тіл білмеу жүрегін жаулаған жапон қызымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмайтынын жеткізді. Жәнібектің ата-анасы ұлының таңдауын қолдайды. Жәнібек жапоны қызына ұсыныс жасаған, бірақ қыз бас тартқан. Алайда, ол берілмейтінін жеткізді. Айтпақшы, Жәнібек қыздың соңғы жауабын бөлісуге асықпайтынын, ол жақында соңғы жаңалықтарды парақшасына бөлісетінін ескертті.