Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды
16-наурыз күні Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады taulik.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
«17 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман күтіледі», - делінген хабарламада.Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрді құрайды. Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз +2+7. Павлодар облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз солтүстікте, оңтүстікте, Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді.