Алматы облысында прокурорлық тексерістен кейін газ бағасы арзандады
Алматы облысында прокурорлық тексерістен кейін газ бағасы арзандады
Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен Шамалған, Жандосов, Шалқар, Еңбенші, Үштерек, Құмарал, Тұрар МТФ және Арай, Аянат, Дархан, Баркөл бау-бақша қоғамдарының тұрғындарына газ тарифі арзандады, деп хабарлайды taulik.kz сайты Azattyq Ruhy.
«Жыл басынан бері жоғарыда аталған елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсететін «Сигма-ГАЗ» ЖШС-гі» халық үшін тауарлық газдың салыстырмалы түрде жоғары тарифіне наразылықтарын білдірді. Осыған байланысты, аудан прокуратурасы тауарлық газды өткізу бойынша қалыптасқан тарифке талдау жүргізді, нәтижелері бойынша монополияға қарсы заңнаманың бірқатар бұзушылықтары анықталды»,- деп көрсетті облыстық прокуратура.Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша «Сигма-ГАЗ» ЖШС-нің тарифі бекітілді. 1 сәуірден бастап жоғарыда аталған елді мекендер үшін қосылған құн салығын ескере отырып тариф бағасы бір текше метр газ үшін 28,95 теңгеге дейін төмендеді, осылайша Алматы облысының прокуратурасы 9 918 тұтынушының құқықтарын қорғап, қалпына келтірді. «Сигма-ГАЗ» ЖШС газбен жабдықтау ұйымына 2 млн. теңге айыппұл салынды.