Астана тұрғыны Тоқаев пен үкімет отставкасын талап етті
Астана тұрғыны Тоқаев пен үкімет отставкасын талап етті
Мүгедектігі бар 51 жастағы Махаббат Құсайынова Еуропарламент өкілдігі алдында пикет ұйымдастырды. Ол халықаралық ұйымдарды Тоқаевқа санкция салуға үндеді, деп хабарлайды taulik.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Айтуынша, бірнеше жылдан бері баспанаға кезекке тұрса да, әлі күнге дейін үй ала алмаған. Өзінен кейін кезекте тұрғандар «түрлі жолмен баспана алып кеткен».
Бұл туралы шағым түсіргенімен, өтініші қараусыз қалған. Тиісті органдардың бәріне шағымданса да, нәтиже болмаған.
Мен президенттің отставкаға кетуін талап етіп отырмын, себебі жоғары лауазымды тұлғаларды президенттің өзі тағайындайды. Ал олар әрекетсіздік танытып отыр. Демек, президент тиімсіз саясат жүргізіп отыр. Ол тағайындаған шенеуніктер әншейін бір креслодан екінші креслоға секіруді ғана біледі. Ал тындырып отырған шаруасы аз, – деді ашынған Махаббат Құсайынова.Ол Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға елде әлеуметтік көмектің мардымсыз екенін айтты.