Жаңалықтар

Сайлауға 3 күн қалғанда комиссия Шораевты талаптарға сай деп таныды

Сайлауға 3 күн қалғанда комиссия Шораевты талаптарға сай деп таныды

Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораев әлеуметтік желіде Астанадағы №2 округтік сайлау комиссиясынан алған хатын жариялады, деп хабарлайды taulik.kzulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Хатта Арман Шораев жариялаған мәліметтер тексерілгені айтылған.
"Жарияланған мәліметтерге сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Тексеру қорытындысы бойынша сіз Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптарға сай екеніңізді хабарлаймыз", - делінген хатта.