Ақтөбе облысында қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

17 наурыз, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО) Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды taulik.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Күдіктілер қорқыту арқылы бірнеше рет кәсіпкерден 2 млн теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны анықталды. Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді. Осы факті бойынша Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілердің үшеуі ұсталып, қамауға алынды.